Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының көші-қон қызметі мәлімдеме жасады

Алматының көші-қон қызметі мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Алматы полициясы азаматтарды еліміздің көші-қон заңнамасын бұзбауға және тұрғылықты жері, уақытша тұратын жері бойынша тіркелуге шақырды. ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабына (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) сәйкес, тұрғылықты жерінде тіркеусіз тұрғаны үшін ескерту және 7 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Сонымен қатар, полицияда шетелдіктердің тұрғылықты жерін тіркеу, уақытша болатын (тұрғылықты) жері бойынша тіркеу тек меншік иесінің жазбаша немесе электронды түрде көрсетілген электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған келісімімен ғана жүзеге асырылатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру