Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада "Таза Қазақстан" аясында 41 мыңнан астам құқық бұзушы жауапқа тартылды

Астанада тазалықты сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және абаттандыру қағидаларын бұзу деректерінің жолын кесуге бағытталған "Таза Қазақстан" бастамасы аясындағы жұмыстар жалғасуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері қоқысты белгіленбеген орындарға тастау, қоғамдық орындарды ластау және абаттандыру қағидаларын бұзудың өзге де деректері бойынша 41 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында полиция қызметкерлері азаматтардың темекі тұқылдарын жерге тастап, қоғамдық орындарды ластау фактілерін анықтады. Қоқыс жәшіктері мен арнайы контейнерлердің болуына қарамастан, кейбір тұрғындар қарапайым тазалық ережелерін сақтамай отыр.

Анықталған әрбір дерек бойынша құқық бұзушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Полиция қаланың тазалығы әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталатынын ескертеді. Тіпті жерге тасталған бір темекі тұқылының өзі қоғамдық ортаны ластау болып саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру