Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада жол қозғалысына кедергі келтіргендер жауапқа тартылды

Астанада жол қозғалысына кедергі келтірген төрт жүргізуші бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласының полиция қызметкерлері жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілер тобын анықтады.

Анықталғандай, Mercedes-Benz және Toyota» төрт автокөліктің жүргізушілері Республика даңғылы бойымен қозғалу кезінде өзге жол қозғалысына қатысушыларға қасақана кедергі келтіріп, көлік құралдарының қозғалысын шектеген. Осылайша, олар қоғамды және жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын анық құрметтемейтін әрекеттерге барған.

Аталған әрекеттері үшін ұсақ бұзақылық жасағаны бойынша әкімшілік жауапкершілікке Қарағанды қаласының 25 жастағы тұрғыны Ахмед Батаев, сондай-ақ елорда тұрғындары – 35 жастағы Арби Ибрагимов, 29 жастағы Асхаб Цуцоев және 19 жастағы Умар Дерименко тартылды.

Сот шешімімен олардың әрқайсысы 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Бұдан бөлек, жол қозғалысы қағидаларын бұзғаны үшін барлығы жеті жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Төрт автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және өзге азаматтардың қауіпсіздігіне құрметпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру