Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды

Қызылорда облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

«Қарасора – 2022 жедел алдын алу іс-шарасы аясында Қызылорда қаласы ПБ патрульдік полициясының қызметкерлері 18 қазан күні сағат 15:30 шамасында Сағынбаев көшесінде Audi автокөлігін сүйреп келе жатқан ВАЗ-2107 көлігін тоқтатты. Тексеру барысында Audi көлігін тізгіндеген 53 жастағы облыс тұрғыны көлікті масаң күйде басқарғаны және оның 2021 жылдың маусым айындағы сот шешімімен жүргізу құқығынан 7 жылға айырылғаны белгілі болды.

Патрульдік полиция қызметкерлері оны наркологиялық диспансерге жеткізіп, сараптама қорытындысына сәйкес азамат орта дәрежедегі масаң күйінде болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Автокөлік қазіргі уақытта айыппұл алаңында. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру