Ақтауда үй қоймасына ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
Ақтауда үй қоймасына ұрлыққа түскен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ақтау қаласының тұрғыны жеке мүліктерінің қолды болғандығы туралы полицияға арызданды. Оның айтуынша, белгісіз тұлға қоймадан үш велосипед және Фрезер станогын ұрлап кеткен.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.