Ақмола полицейлері жолда қалып қойған жүргізушіге көмектесті
Ақмола полицейлеріжолда қалып қойған жүк көлігінің егде жастағы жүргізушісіне көмектесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласының тұрғыны әкесімен жол үстінде болған келеңсіздіктер туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі Ақмола облысы полиция департаментінің ведомстволық аккаунты парақшасының жеке хабарламасында жазды.
Әйел, алыс жол жүргізушісі, әкесіне көмек көрсеткен полицейлерге алғысын білдірді. Жүк тасымалдаумен айналысқан егде жастағы адам Мәскеуден Алматыға шыққан екен. Бірақ 22 қарашада Жақсы -Есіл – Бұзылық автожолының 45-шақырымында жүк көлігінің дөңгелегі істен шыққан.
Егде жастағы жүргізушіге ақауды өздігінше жою қиынға соқты. Қуанышқа орай, осы уақытта Ақмола облысы ПД патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары Әнуар Құзғанбаев пен Мират Шаимов автожолды патрульдеу кезінде трассада кешкі сағат 21:30 шамасында Volvo жүк көлігін көріп, дереу жүргізушіге көмекке келді.
Тұман түріндегі қолайсыз ауа-райын ескерген полицейлер қарт адамға тіркемедегі дөңгелекті ауыстыруға көмектескен. Апаттық тоқтау белгісін орнатқан тәртіп сақшылары ақаулықты бір жарым сағатта жойып, жүргізуші жолын одан әрі жалғастырып кетті.
Полицейлерге ризашылығын білдірген әйел хабарламада оның әкесі қырық жылдан астам уақыт бойы жүк тасымалымен айналысып келе жатқанын айтқан. Полиция қызметкерлері көрсеткен осындай мейірімділік пен құрметке риза екенін атап өтті.