Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы «Ана үйіне» барып қайтты

Алматы полициясы «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқаны аясында «Ана үйіне» барып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республикалық науқан аясында Алматы полициясының қызметкерлері мен қоғам қайраткерлері «Ана үйіне» барып қайтты. Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл үй бекерден бекер таңдалған жоқ. Мұнда бір жарым жасқа дейінгі балалары бар 30 жас ана тұрады. Оларға қонақтар қажетті сыйлықтарды алып келді: нәресте тамағы, жаялық, жаңа туған нәрестелерге арналған киім-кешек.

Сонымен қатар дағдарыс орталықтарының өкілдері мен тәртіп сақшылары әйелдермен тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу шаралары мен шарттары, сондай-ақ ана болу бақыты туралы әңгімелесті.

Шаһарда «Ана үйінің» үш филиалы бар. Онда өмірлік жағдайға байланысты балаларын тастап кете жаздаған жас аналарға көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру