Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мәжбүрлі еңбектен жалтарған сотталған бас бостандығынан айырылды

Қызылордада мәжбүрлі еңбектен жалтарған сотталған бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған азамат сот үкімімен  3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы және мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген.

Алайда сотталған азамат тамыз айы бойы мәжбүрлі еңбекті орындаудан жалтарған. Бұған дейін оған бірнеше рет жазбаша ескерту берілгеніне қарамастан, ол өз міндеттерін орындамаған.

Осыған байланысты пробация қызметі сотталғанға тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсынымды сотқа жолдады.

Сот қаулысымен  азаматтың бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген 1 жыл 11 ай 19 күні бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді. Қаулы заңды күшіне енген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру