Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлеріне психологиялық тұрақтылықты нығайтуға арналған тренинг өткізілді

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде жеке құрам қызметкерлеріне арналған психологиялық тренинг өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Сенімен Болашақ" республикалық қоғамдық бірлестігінің психологы С. Сәтбайқызының қатысуымен "Стресс және экстремалды жағдайдан шығу: психологиялық тұрақтылық пен өзін-өзі басқару" тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің психологиялық тұрақтылығын нығайту, күйзеліс кезінде эмоцияны басқару дағдыларын қалыптастыру және күрделі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау қабілетін дамыту.

Тренинг барысында қатысушылар өзін-өзі бақылау, эмоциялық тепе-теңдікті сақтау және қиын жағдайлардан тиімді шығу жолдары бойынша тәжірибелік тапсырмалар орындады. Сондай-ақ психологиялық тұрақтылықты қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.

Іс-шараны №60 мекеменің психологы Моншақ Маханова ұйымдастырды.

Мұндай тренингтер қызметкерлердің кәсіби даярлығын жетілдіруге, эмоциялық жүктемені басқаруға және қызметтік міндеттерін тиімді орындауға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру