Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтер жүргізілуде

Астана қаласының полиция қызметкерлері заңмен тыйым салынған орындарда темекі өнімдерін шегу және кальян тұтыну фактілерінің алдын алу мен оларды анықтау бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері елордадағы қоғамдық тамақтану және ойын-сауық орындарында темекі шегу мен кальян тұтынуға қатысты 8 500-ден астам құқық бұзушылық анықталды.

Полицейлер мұндай фактілердің жолын кесуге бағытталған тексерулер жүргізіп, азаматтар мен мекеме өкілдеріне заң талаптарын және оларды сақтамағаны үшін көзделген жауапкершілікті түсіндіруде.

Полиция заңнамада белгіленген орындарда темекі шегуге тыйым салу талабы баршаға бірдей міндетті екенін еске салады. Заң талаптарын білмеу жауапкершіліктен босатпайды.

Заң талаптарын сақтау – айналадағы адамдарға құрмет көрсету, қоғамның қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге қосылған үлес.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру