Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Құқықтық тәртіп" ЖПІШ: Алматы облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілді

20-23 қазан аралығында Алматы облысының аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жұмыс облыстың барлық ауданы мен қалаларында жүргізілуде. Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтардың жолын кесу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдауда.

Мәселен, Іле ауданында бір сағат ішінде полиция қызметкерлері бірқатар өрескел құқық бұзушылықтардың жолын кесті. Барлық анықталған дерек бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.

Мұндай іс-шаралар құқыққа қайшы әрекеттердің жолын дер кезінде кесуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтарды құқыққа қайшы әрекеттерден қорғау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру