Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мал ұрлығының алдын алу жұмыстары күшейтілді

Павлодар облысында полиция мал ұрлығының алдын алу және жануарларды қараусыз жаюға жол бермеу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен кездесіп, мал иелеріне ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және күтіп-бағу қағидаларын сақтау қажеттігін түсіндіруде.

– Жыл басынан бері малды күтіп-бағу қағидаларын бұзғаны үшін 2 035 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыста қараусыз жүрген жануарларға арналған 128 уақытша қора жұмыс істейді. Айыппұл тұрағына 27 800 бас мал қамалды. Оның ішінде 13 300 жылқы, 7 500 бас ірі қара және 7 000 бас ұсақ мал бар. Көбіне қараусыз жүретін жануарлар – жылқылар.

Патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар күн сайын, соның ішінде автомобиль жолдарының бойында, малды қараусыз жаю деректерін анықтауда.

Профилактикалық іс-шаралар шаруа және фермер қожалықтарында, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде, сондай-ақ мал жайылымдарында жүргізілуде. Мал иелеріне GPS-трекерлерді пайдалану, жануарларды міндетті түрде бірдейлендіру және мал иелері, бақташылар мен әкімдіктер арасында үшжақты шарттар жасасу қажеттігі түсіндіріледі.

Малды жаю қағидалары мен жануарларды бірдейлендіру талаптарын жүйелі түрде бұзатын тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылады.

Полиция мал иелерін жануарларды күтіп-бағуға жауапкершілікпен қарап, оларды қараусыз қалдырмауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру