Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да шетелдіктерді заңсыз жұмысқа алған 52 жұмыс беруші жауапқа тартылды

СҚО-да жыл басынан бері шетелдіктерді заңсыз жұмысқа алған 52 жұмыс беруші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері шетел азаматтарын жұмысқа қабылдауға қатысты заңнама талаптары туралы еске салады. Бұл талаптарды сақтамағаны үшін қаңтар айынан бастап 52 жұмыс беруші әкімшілік жауапқа тартылды. Көбіне заңды тұлғалар: құрылыс объектілерінің, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басшылығы бұзушылыққа жол береді.

Шетелдіктердің Қазақстан аумағында жұмысқа орналасуы үшін тиісті рұқсаты болуы қажет екендігін есте сақтаған маңызды. ЕАЭО елдері: Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей азаматтарына шектеу жоқ. Олар еңбек шарты негізінде бір жылға дейін жұмыс істей алады, кейін оны ұзартуына тура келеді.

Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан, Грузия, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Молдова арасында 30 немесе 90 күнге дейін визасыз режим қолданылады. Осы елдердің тұрғындары жеке тұлғаларда үй шаруасында еңбек етуге құқығы бар. Жұмыс істеуге рұқсатты олар ХҚКО 1,2 немесе 3 айға 1 жылға дейін ұзарту құқығымен алады. Кейін олар ҚР тыс жерге шығуы қажет. Біздің елде бір ай өткен соң қайта жұмыс істей алады.

– Алыс шетел азаматтары Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсатты алу үшін жергілікті атқарушы органдарға жүгінуі қажет. Шетел азаматтарын жұмысқа орналастыру заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. 11 айда көші-қон қызметінің қызметкерлері 200 заңсыз еңбек мигрантарын анықтады. Жұмыс берушілерден заңнама талаптарын зерделеуді және қатау сақтауды сұраймыз, – дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Әбілов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру