Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері толғақ қысқан әйелді перинаталдық орталыққа жетуге көмектесті

СҚО полицейлері толғақ қысқан әйелді перинаталдық орталыққа жетуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Желтоқсанның 12-нен 13-іне қараған түні Оңтүстік ББ СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Игорь Сёмин мен Александр Авдонин кезекшілік атқарды. Сағат 23:05. шамасында бекеттің маңына Аққайың ауданының тұрғыны басқарған Audi автокөлігі тоқтады. Медицина қызметкерлерінің өтініші бойынша ол медбике мен акушердің ілесіп жүруімен 20 жастағы жерлесін перинаталдық орталыққа әкеле жатқан. Акушердің айтуынша, толғағы басталған. Полиция қызметкері Игорь Сёмин қызметтік автокөліктің жарқылдауық маягін қосып, ілесіп жүруді қамтамасыз еткен.

– Мұндай жағдай ППБ қызметінде жиі кездеседі. Мысалға, менің әріптесім Александр Авдонин өткен жылы осындай жағдаймен бетпе-бет келген. Кешке қала көшелерінде автокөлік легі көбейетінін атап өткен жөн. Абырой болғанда, барлық жүргізушілер ЖЖЕ қатаң сақтап, жедел жетуімізге мүмкіндік жасады, – дейді Игорь Сёмин.

Перинаталдық орталықта босанатын әйелді медицина қызметкерлері қарсы алды. Кейін Игорь Сёмин акушерге қоңырау шалды. Ол ауыл тұрғыны ұл баланы аман-есен дүниеге әкелгенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру