Жүк көліктерін жөндетпек болған Өскемен тұрғыны 4 млн теңгеге алданған
Жүк көліктерін жөндетпек болған Өскемен тұрғыны 4 млн теңгеге алданған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қаласы ПБ Солжағалау полиция бөлімінің кезекші бөліміне алаяқтан зардап шеккен 43 жастағы жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түскен. Ер адам үй ауласында танысы жүк көліктерін жөндеу қызметін ұсынғанын, жұмысы үшін 4 млн теңге талап еткенін, алайда біраз уақыттан кейін жәбірленуші ақшасыз және көліктері жөндеусіз қалғанын айтқан.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады. Ол 39 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны болып шықты. Жауап алу барысында ол өз кінәсін мойындаған. Алайда қолма-қол ақшаны қайтарып алу мүмкін болмады. Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.