Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында пиротехника сатқан 12 адам жауапқа тартылды

Қостанай облысында пиротехника сатқан 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде үш күн ішінде полицейлер ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп 92 рейдтік іс-шара өткізді. Оның барысында пиротехникалық заттардың сауда орындары тексерілді. Рейдтік іс-шаралар барысында мобильді топ өкілдері ойын-сауық мекемелерінің басшыларына отшашуларды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін түсіндірді. Оларға жеке және мүліктік қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы 220 хабарлама берілді.

– «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері облыста Рудный, Қостанай қалаларында, сондай-ақ Меңдіқара, Жітіқара, Федоров, Денисов және Б.Майлин атындағы ауданда пиротехникалық бұйымдарды заңсыз өткізудің 12 бұзушылығы анықталды. Пиротехника сатушылары ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы (Заңсыз сауда) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Баптың санкциясы 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді, – деп атап өтті Қостанай облысы ПД азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы Әділхан Шаймарданов.

Естеріңізге сала кетейік, «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы 3 қаңтарға дейін жалғасады

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру