Жетісай тұрғыны көршісінің қоймасына ұрлыққа түскен
Жетісай тұрғыны көршісінің қоймасына ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның қоймасына белгісіз біреу жасырын кіріп, электронды арасы мен насосын жымқырып кеткен.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.
Жетісайлық полицейлер осы қылмысты ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетіп, қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтарды мұқият тексеріп шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Соның нәтижесінде күдіктінің тұрғылықты мекенжайы анықталды. Ол бұрын сотты болған жәбірленушінің көршісі болып шықты.
Анықталғандай, күдікті пайдакүнемдік мақсатта есікті бұзып кіріп, ұрлыққа түскен. Айғақты зат ретінде оның үйінен ұрланған заттар алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.