Алаяқ Астана тұрғынына жүргізуші куәлігін жасап беруге уәде берген
Алаяқ Астана тұрғынына жүргізуші куәлігін жасап беруге уәде берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордада жүргізуші куәліктерін ешқандай формальдылықсыз алуға көмек ұсынатын, алаяқтардың азаматтарды алдауы фактілері орын алып тұрады.
Мәселен, Сарыарқа ауданы ПБ полиция бөлімінің қызметкерлері Павлодар қаласының 29 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адамның Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы алаяқтық жолмен елорда тұрғындарының бірінің ақшалай қаражатын иемденгені анықталды.
Жәбірленуші бейтаныс адамның көлік құралдарын басқару куәлігін алуға көмектесетініне сеніп, 2022 жылдың қазан айында 120 мың теңге аударған. Алайда өзінің алданғанына көз жеткізіп, полицияға қазір ғана жүгінген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.