Түркістан облысында "Жас сақшы" сыныбының оқушыларына тарихи-мәдени кешенге экскурсия ұйымдастырылды
Түркістан облысында жас ұрпақты отансүйгіштікке, адалдық пен жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталған іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сайрам ауданы полиция басқармасының қызметкерлері "Жас сақшы" сыныбында білім алатын 24 оқушыға Шымкент қаласындағы "Шым қала" тарихи-мәдени кешеніне экскурсия ұйымдастырды.
Шара барысында оқушылар тарихи-мәдени кешенмен танысып, халқымыздың тарихы, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері жас сақшыларға қызметтік адалдықтың, абыройды сақтаудың және өзгелерге жеке үлгі көрсетудің маңызын түсіндірді.
Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп, тарихи санасын қалыптастыруға және полиция қызметіне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
