Елордада түрмеге есірткі алып кірмек болған тұрғын анықталды
Елордалық түрмедегі жазасын өтеушіге жергілікті тұрғын аса ірі көлемдегі есірткі затын алып кірмек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің мекемесінің қызметкерлері жедел ақпарат бойынша сотталушыға алып келінген сәлемдемені тексеру кезінде есірткі заты табылды, атап айтқанда салмағы 6 грамм болатын героинді мекемеде жазасын өтеушіге елорда тұрғынының алып кіру әрекеті құрықталды.
Табылған есірткі заттары мақта жастықшаларын құрамында героин бар сұйықтықпен сіңдіру арқылы күрделі түрде жасырылған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
№2 мекеменің жедел бөлімінің және елордалық департаменттің қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен қырағылығының арқасында мекемеге есірткі жеткізу арнасы тоқтатылды.
Сотталғандардың пайдалануға тыйым салынған заттардың мекеме аумағына кіруіне жол бермеу бойынша осы бағыттағы жұмыс ерекше бақыланып жатыр, – деп атап өтті Астана қаласының ҚАЖД бастығы Даулет Рақымбеков.