Қарағандыда пәтер ұрлығымен айналысқан екі адам ұсталды
Қарағандыда пәтер ұрлығымен айналысқан екі адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне 38 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші арызында белгісіз біреулер өзіне тиесілі жер үйге ұрлыққа түсіп, жатын бөлмеден күміс жинақтарын алып кеткені туралы шағымданған.
Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құраған. Оқиға орнына тексеріс жұмыстарын жүргізген жедел-тергеу тобының қызметкерлері күдіктілердің екі адам болғаны туралы айғақтар тапты. Ұрылардың үйге терезені бұзып кіргені белгілі болды.
Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 27-28 жас аралығындағы екі азамат ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленіп алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілердің осыған ұқсас басқа қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.