Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде ірі көлемдегі пәтер ұрлығына күдікті ұсталды

Ақтөбеде полиция қызметкерлері екі пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы ер адамды ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Пәтер ұрлығының алдын алу және оның жолын кесуге бағытталған мақсатты жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында жедел уәкілдер қажетті кешенді шараларды жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады.

Алдын ала мәлімет бойынша, ұрлықтың бірі Ақжар-2 тұрғын алабында болған. Түнгі уақытта үй иелерінің екінші қабатта ұйықтап жатқанын пайдаланған күдікті үйге кіріп, ақша қаражаты мен алтын әшекейлерді ұрлаған.
Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 2 миллион теңгені құрады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жедел уәкілдер күдіктінің осы тұрғын алабында жасалған тағы бір пәтер ұрлығына қатысы бар екенін анықтады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру