Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері нашақорлықтың алдын алу мақсатында оқушылармен кездесу өткізді

Түркістан полицейлері нашақорлықтың алдын алу мақсатында оқушылармен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында маңызды іс-шара ұйымдастырды.

Ауқымды шараға Түркістан қалалық полиция басқармасының ювеналды полициясы мен дәрігер-наркологтар жұмылдырылды. Семинарға Түркістан қаласында орналасқан №28 және №18 Ж.Еділбаев мектеп-гимназияларының мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Семинар барысында тәртіп сақшылары оқушыларға есірткіге қарсы бағыттағы бейнероликтер көрсетіп, есірткі мен психотроптық заттардың зияндылығы туралы айтып берді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың салдары туралы түсіндірді. Полицейлер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және заңдарды сақтауға шақырды.

Семинар соңында тәртіп сақшылары оқушылармен бірге есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған «Есірткіге жол жоқ!» парақшаларын қоғамдық орындарға орналастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру