Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полициясында 26 жасөспірім есепте тұр

Петропавлдың ювеналды полицейлерінің бастамасымен СҚУ алаңында білім беру ұйымдарының басшылығымен және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Тақырып – кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша өзара іс-қимыл, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласы ПБ ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Оңалбек Әбдікәрімовтің айтуынша, өткен жылы кәмелетке толмаған қала тұрғындары 19 қылмыс жасаған. Кездесудегі әңгіме жасөспірімдер қылмысының себептері мен жағдайларын жою үшін қажетті шаралар туралы болды. Көп жағдайда бұл отбасылардың қолайсыздығы, ата-аналардың әлсіз бақылауы себептерінен болды.

Полицейлер мен мемлекеттік органдардың өкілдері мектептер мен колледждердің директорларына отбасын сауықтыру және отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша күш-жігерді біріктіруге шақырды. Әр жағдайда жеке көзқарас маңызды. Спортпен шұғылданып, жетістікке жете бастаған қолайсыз отбасынан шыққан жасөспірімнің үлгісі айтылды. Оқу орнының дирекцияларына ұлын қолдауға, оның өміріне қатысуға қолдау үшін ата-анасын ынталандыру ұсынылады.

– Оқу орындарының оқытушылар құрамы шетте қалмауы керек, өйткені педагогтар күн сайын жасөспірімдермен тығыз қарым-қатынаста болады. Басқа да нақты жағдайлар талқыланды. Өткен жылы полиция қызметкерлерінің бастамасымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында 27 материал қарастырылды. Бүгінде полицияда 26 кәмелетке толмаған бала есепте тұр. Әрбір жағдайда барлық мүдделі тараптар қатысатын жеке жұмыс жүргізілуі қажет, – дейді Петропавл қаласы ПБ ЖПҚ бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Оңалбек Әбдікәрімов.

Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыс полиция басшылығының тұрақты бақылауында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру