Қостанай облысында аурухана қызметкері медициналық жабдықтарды қолды қылған
Қостанай облысында аурухана қызметкері медициналық жабдықтарды қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қамысты аудандық ауруханасының қызметкері Оксана Ройко медициналық мекемеге тиесілі мүлік ұрлығын ашқан полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғыс хат жолдады.
Полицияға белгісіз біреуден 100 мың теңгеден астам сомаға медициналық жабдықтың ұрланғаны туралы арыз келіп түсті. Жедел-тергеу іс-шаралары барысында ұрлықты аурухана қызметкерлерінің бірі жасағаны анықталды.
– Тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде күдікті өзінің жұмысын ешкім бақыламайтынына көз жеткізіп, осы сәтті пайдаланып, еден үстілік таразы, қандағы қантты анықтауға арналған аспапты, алкотестерді ұрлап кеткені белгілі болды, – деді полиция бөлімі бастығының орынбасары Төлеген Қайырлапов.
Тергеу барысында ұрланған мүлік ауруханаға қайтарылды.
Оксана Ройко өзінің алғыс хатында полицейлерге жеделдігі үшін алғысын білдіреді. Ол тергеуші Сәлімжан Рахметулин мен жедел уәкіл Владимир Николайдың жұмысын атап өтті