Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе тұрғынын алдап, ақшасын иемденген алаяқ анықталды

Ақтөбе тұрғынын алдап, ақшасын иемденген алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізуші куәлігін алмақшы болған Ақтөбе тұрғыны алаяққа алданғаны туралы полицияға арызданған. Өз қызметі үшін күдікті 200 мың теңге сұраған. 21 жастағы жәбірленуші қалаған құжатты емтихансыз және жол қозғалысы ережелерін білмей-ақ сатып алу мүмкіндігіне келісіп, қызға қажетті соманы төлеген. Ақшаны алғаннан кейін күдікті бірте-бірте байланысқа шығуды тоқтатқан.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 28 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Ұсталған адам кінәсін мойындады, қазіргі уақытта оның басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде емтихан мен оқудан өтпей-ақ жүргізуші куәлігін алу туралы аккаунттар мен хабарландырулар таралып кеткен. Осыған байланысты Ақтөбе облысының ПД жүргізуші куәлігін алу тәртібі мен ережелері ресми www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылғанын еске салады және тек уәкілетті орган береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру