Павлодар облысында мас күйінде көлік тізгіндеген 10 жүргізуші жазаланды
Павлодар облысында мас күйінде көлік тізгіндеген 10 жүргізуші жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен тәулікте тәртіп сақшылары мас күйінде көлік жүргізген 10 жүргізушіні анықтады.
Барлық құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қозғалды, материалдар облыстың әкімшілік соттарына жіберілді.
Сот жүргізушілерге 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады.
Полицейлер мас күйде көлігін бір жыл ішінде қайта басқарған жүргізушілер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады.
29 қаңтарда таңғы 03:00 шамасында 6 км Павлодар-Қызылорда автожолында, Ленин кентінің маңында Павлодар облысы ПД ротасының қызметкерлері ВАЗ-21099 автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің көлікті басқаруы полицейлердің күдігін тудырып, құжаттарды тексерген кезде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққан. Күдік медициналық қорытындының нәтижелерімен расталды.
Ақтоғай ауданының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік материал толтырылды.
Автокөлік айып тұрағына қамалды. Енді бұл жүргізушілер 7 жыл бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды.