Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жылдамдық режимін сақтамаған құқық бұзушыларға 241 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Павлодар облысында жыл басынан жылдамдық режимін сақтамаған құқық бұзушыларға 241 млн теңгеден астам айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – Павлодар облысы полициясының басты міндеттерінің бірі. Айта кететін жайт, жолдардағы қауіпсіздік деңгейі бірқатар факторларға байланысты: бұл көлік құралдарының техникалық жағдайы, қозғалысты ұйымдастыру, ЖКО кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетудің уақытылығы және тағы басқалар. Алайда, негізгі фактор – жүргізушілердің тәртібі.

Жол қозғалысының қарапайым ережелерін сақтамау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Полиция ведомствосы ЖКО-ның негізгі себептері: жылдамдықты арттыру, жаяу жүргіншілерге жаяу жүргіншілер өткелінде артықшылық бермеу, рөлде ұйықтау, жолдың белгіленбеген жерден өтуі, қарсы қозғалыс жолағына шығу, көлік құралын мас күйінде жүргізу екендігін атап өтті.

Осыған байланысты, “Полицияның сервистік моделі” пилоттық жобасы аясында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері облыс жолдарындағы медициналық-құтқару станциясының қызметкерлерімен бірлесіп рейдтер жүргізеді, оның барысында жүргізушілердің денсаулық жағдайы тексеріледі, тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдар беріледі, медициналық көмек көрсетіледі.

“Кибер-шериф” аппараттық жүйелері көлік құралдарының жылдамдығын бақылай отырып, жолдарда патрульдейді. Жыл басынан бері осы жүйелермен жылдамдық режимін асырудың 17225 дерегі анықталды, құқық бұзушыларға 241 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Тұрақты негізде жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдарға тексеру жүргізіледі, оның барысында 1900-ден астам ақаулар анықталды. Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға 780 ұйғарым берілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының саны – 9,5%-ға азайды. Егер өткен жылы 263 дерек тіркелсе, биыл 238 дерек тіркелді.

Полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және жолда мұқият болуды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру