Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еліміздің шығысында ХХ ғасырдың тағы бір қаруы табылды

Өскемен қаласында ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері полицейлермен бірлесіп қару-жарақ жасырылған орынды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасырын қойма облыс орталығынан 18 шақырым жерінде Самсоновка ауылындағы көпірдің астынан табылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ШҚО полиция департаментінің қызметкерлерімен, ҚАЖК №17 мекемесінің және Өскемен қаласы ПБ Сол жағалау ПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері атыс қаруына ұқсас затты анықтады.

Сараптама көрсеткендей, тәркіленген қару ЗК моделінің тегіс ұңғылы Курск аңшылық мылтығының кесіндісі болып шықты. Қару ХХ ғасырда оқпанды қысқартып, шүйдесін алып тастау арқылы қолдан жасалған көне қарудың атуға жарамдылығы анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі аруды оқ-дәрілерді жарылғыш заттар мен жарылғышқұрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қару екі жылдан астам уақыт сақталған. Осы айда бұл дерек полиция қызметкерлерімен бірлесіп табылған және жойылған екінші кэш, – деді ҚР ІІМ ҚАЖК №17 мекеме бастығының орынбасары Ернар Ибраев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру