Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері түнде үйден тыс жерде жүрген бір топ жасөспірімдерді анықтады

ШҚО полицейлері түнде үйден тыс жерде жүрген бір топ жасөспірімдерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және тұрғын үй-жайлардан тыс жерлерде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүруі, оларға алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын сату, сондай-ақ жасөспірімдерге қатысты әртүрлі сипаттағы қылмыстардың алдын алу және профилактикалық жұмысқа бағытталған рейдтік іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді.

Осындай рейдтік іс-шараларды өткізу барысында 8 тамыз күні Зайсан қаласында сағат 23:00 шамасында ойын-сауық мекемесінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген 11 жасөспірім анықталған. Белгілі болғандай, кәмелетке толмағандар туған күн мерекесіне жиналған.

Тәртіп сақшылары жасөспірімдердің ата-аналарын дереу шақырып, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғылықты мекенжайынан тыс жерде болғаны үшін әрбір ата-анаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оларға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Ойын-сауық көтеру мекемесінің иесі кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған бапта шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

ШҚО полиция департаменті заңды өкілдерге жауапкершілік туралы және балаларды қадағалап, заң бұзушылыққа жол бермеу қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру