Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Риддер полицейлері жоғалған 10 жасар қызды іздеп тапты

Риддер полицейлері жоғалған 10 жасар қызды іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 тамыз күні сағат 21:56 шамасында ШҚО ПД Риддер қаласының полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны келіп, оның 10 жасар қызы сағат 18:00 шамасында үйден кетіп, осы уақытқа дейін оралмағанын хабарлаған.

Өзі іздегеннен нәтиже болмаған соң, қыздың анасы полицияның көмегіне жүгінген.

Риддер қаласының полиция бөлімінің жеке құрамы кәмелетке толмаған қыз баланы  іздеуге дереу бағыттаған. Іздеу шаралары барысында кәмелетке толмаған бала таңертең табылып, туыстарына қайтарылды.

Белгілі болғандай, қыз серуендеуге шешім қабылдап, бұл туралы ата-анасына айтпаған. Оны табуға отбасының танысы болған қырағы қала тұрғыны көмектесті. Әйел адам қызды өз үйіне шақырып, содан кейін туыстарына оның орналасқан жері туралы хабарлаған.

Полиция департаменті балаларды қараусыз қалдырмауды және оларға мұқият болуды сұрайды. Қараусыз қалған бала кез келген уақытта қиын жағдайға душар болуы мүмкін. 

Естеріңізге сала кетейік, егер сіздің жақын адамыңыз жоғалып кетсе, онда бұл туралы “102” нөміріне қоңырау шалып, дереу полицияға хабарлау қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру