Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ұрлық және алаяқтық қылмысын жасаған күдікті ұсталды

Қызылордалық полицейлер ұрлық және алаяқтық қылмысын жасаған 21 жастағы күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы ПБ-ның қызметкерлері ұрлық және алаяқтық қылмысына күдіктелген 21 жастағы азаматты ұстады.

Оқиға 1 тамыз күні қала аумағындағы түнгі клубтардың бірінде болған. Күдікті пластик терезелерді сындырып, бес кальян аппаратын және бір қара түсті Asus Netro ноутбукті ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Келтірілген шығын – 750 мың теңге.

Сонымен қатар күдікті танысының телефонын сұрап алып, банктің мобильді қосымшасын пайдалану арқылы 100 мың теңге көлемінде заттай несие рәсімдеп, қолма-қол ақшаға аударып алған.

Күдікті азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы бойынша және ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру