Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында мас күйінде мотоцикл тізгіндеген жүргізушіге қатысты хаттама толтырылды

Жарма ауданында полицейлер мас күйінде мотоцикл жүргізген азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 тамыз күні Шар қаласында кешкі сағат 22:00-де учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік учаскесін аралау барысында, TONY мотоцикл жүргізушісін тоқтатқан.

Тәртіп сақшылары күдіктіні тексеру барысында, жүргізyшінің көлікті мас күйінде басқарғанын анықтаған. Деректі нақтылау үшін жергілікті тұрғыннан медициналық сараптама алынды.

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, ауыл тұрғыны мотоциклді “орташа” дәрежедегі алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды.

Күдіктіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Жыл басынан бастап Абай облысында 44 192 жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзу дерегі анықталса, оның ішінде 333 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша жауапқа тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру