Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қытайдан тиімді бағамен тауарға тапсырыс берген Абай облысының тұрғындары алаяққа ұрынды

Қытайдан тиімді бағамен тауарға тапсырыс берген Абай облысының тұрғындары алаяққа ұрынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

WhatsApp мессенджерінде жаңа алаяқтықтың түрі пайда болып, оның құрбандары полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінуде.

Шілде айының соңында Семей қаласы ПБ Орталық полиция бөліміне 37 жастағы ер адам жүгініп, 22 маусымда WhatsApp мессенджерін пайдаланып, Қытайдан тауарға тапсырыс бергендігін айтты. Күдікті өзінің деректемелерін жіберіп, тауардың құнын алдынала төлеуді талап еткен. Қала тұрғыны алаяқтың айла-амалдарынан сескенбей, сатушының талаптарын орындап, қаражатты бірден аударып жіберген. Екінші аударымнан кейін сатушы байланысқа шығуды тоқтатқан. Жәбірленуші тек біраз уақыттан кейінғана алданғанын түсініп, полицияға жүгінген.

Осыған ұқсас өтініш бойынша полицияға қаланың 30 жастағы тұрғыны да жүгінген. Ол тауарды төмен бағада сатып алмақ болып, 90 мың теңге аударған. Алайда азамат алданғанын түсініп, полицияға жүгінген.

– Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Бобровка саяжай массивінің 23 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Жауап алу барысында күдікті ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндіріп, кінәсін мойындады.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1,2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция күдіктінің басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр, – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін ПД мыналарды ұсынады:

– бейтаныс сілтемелерге өтпеңіздер;
– жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеңіздер (және ИН, IBAN-шот, CVV коды);
– бөгде адамдардың өтініші бойынша өз телефондарыңызға белгісіз бағдарламаларды орнатпаңыздар;
– банктер немесе Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің телефон арқылы нұсқауларын орындамаңыздар;
– күмәнді мәмілелер бойынша аударымдарды жүзеге асырмау, ашық кіріс көзінсіз қаржылық схемалардан сақ болыңыздар;
– банкинг қызметтеріне кіру парольдерін үнемі өзгертіп отырыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру