Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шетелдіктерге Қазақстан азаматтығын алып беруге уәде еткен алматылық тұрғын ұсталды

Шетелдіктерге Қазақстан азаматтығын алып беруге уәде еткен алматылық тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурызбай аудандық полиция басқармасының хабарламасынан белгілі болғандай, күдікті несие алуға көмектесетініне уәде берген.

Өз қызметі үшін күдікті “клиенттерден” 300 мыңнан 1 млн теңгеге дейін сыйақы алған.

– Қазіргі уақытта 33 жастағы А. есімді азаматқа қатысты біздің бөлімшеге 4 адам ресми арызбен жүгінген. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінде (Алаяқтық) көзделген қылмыс белгілері бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар күдіктінің басқа эпизодтарға қатысы бар болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Егер оны таныған жағдайда азаматтарды, келесі телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұраймыз: 8-778-622-02-19 және 8-747-699-70 -02», – деді, Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру