Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада несие рәсімдеуге көмектесуге уәде беріп, сан соқтырған алаяққа қатысты тергеу жүріп жатыр

Елордада несие рәсімдеуге көмектесуге уәде беріп, сан соқтырған алаяққа қатысты тергеу жүріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы Сарыарқа ауданының полиция басқармасы алаяқтық дерегі бойынша эпизодтық қылмыстық істі тергеп жатыр.

Мәселен, 2022 жылдың тамыз айында 27 жастағы бойжеткен Arab Bank банкі арқылы шағын бизнесті несиелендіруді сылтау етіп, алдау арқылы 500 мың теңге көлемінде қаражатын иемденіп алған бейтаныс тұлғаға қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арызданған.

Осыған ұқсас 51 жастағы әйел де осындай алаяқтық оқиғасын айтады. Оған да бейтаныс азаматша исламдық қаржы орталығы арқылы шағын кәсіпкерлікке инвестиция саламын деген желеумен алдап, 500 мың теңгені иемденіп алғаны белгілі болған.

Сондай-ақ Ислам қаржы орталығынан 70 млн теңге несие аламын деп, 1 млн теңгеге алданған 32 жастағы ер адам алаяқтың айласына түскен.

Жедел іздестіру шаралары барысында 49 жастағы күдікті анықталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ер адамға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарды жасауға қатысы бар екені анықталып жатыр.

Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері аталған тұлғаның осындай алаяқтық әрекеттерінің нәтижесінде басқа да жәбірленушілердің болғанын анықтап жатыр. Егер сіз алаяқтық әрекеттің құрбаны болсаңыз, келесі байланыс телефондары арқылы хабарлаңыз:
8 (7172) 71-66-90 немесе 8-775-295-88-15, 8-708-808-08-46.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру