Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО ПД бастығы кадрлық тағайындау барысында полицейлерге Ұлы Абайдың кітаптарын табыс етті

ШҚО ПД бастығы кадрлық тағайындау барысында полицейлерге Ұлы Абайдың кітаптарын табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінде аудандық және қалалық бөлімшелерден 25 үміткер әртүрлі лауазымдарға тағайындалды.


Бұл жолы бұйрық ерекше түрде өтті, өйткені кеше қазақ халқының ұлы ақыны, философ және гуманист Абай Құнанбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келді.

Әлем халықтарының 60 тілінде жарияланған Абайдың баға жетпес мұрасын атап өтпесе болмайды. ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков тағайындалған кандидаттарға оның Қара сөздерін табыс етті. Бұл күннің ерекше сыйлығы тәртіп сақшыларының жадында қалатыны сөзсіз.


Бұйрық аяқталғаннан кейін облыстың бас полицей барлық тағайындалған полицейлерге қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жедел қызметте сәттілік пен табыс тіледі.

Сонымен қатар бұл күні бірқатар полиция қызметкерлері лайықты демалысқа шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру