Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада масаң күйде рөлге отырған жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

Астаналық тәртіп сақшылары масаң күйде көлік тізгіндеген жүргізушілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларын азайту және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында елордалық полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу, көлікті мас күйінде басқаратын жүргізушілерді анықтау жұмыстарын күшейтті.

“Мас жүргізуші – қылмыскер!” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, кешкі сағат 20:10 шамасында Астана қаласы ПД-ның патрульдік полициясының инспекторлары 36 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Toyota Camry көлігін тоқтатқан. Оның құжаттарын тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққанын байқаған.

Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша, оның “жеңіл” дәрежедегі алкогольдік ішімдік ішкені анықталып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сондай-ақ 7 тамызда рейд барысында Қараменді би көшесінде 35 жастағы жүргізуші басқарған ВАЗ-2110 автокөлігі тоқтатылған. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша, оның да “орташа” ауырлықтағы алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Анықтай келе, оның 2022 жылы 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды. Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сәйкес қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Астана қаласының полиция департаменті жол ережесін ескермей, өзіне және айналасындағыларға қауіп төндіретін жүргізушілер туралы полицияға дереу хабарлауды сұрайды.

Біз азаматтардан көлікті масаң күйде жүргізбеуге шақырамыз, себебі оның салдары өкінішті жағдаймен аяқталуы әбден мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру