Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының тұрғынынан аса ірі мөлшерде героин тәркіленді

Полицейлер Қостанай облысының тұрғынынан 117 грамм героин тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 тамыз “Қарасора – 2023” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Рудный қалалық есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен қала тұрғынының пәтерінен санкцияланған тінту барысында 117 грамм героин табылып, тәркіленді.

– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Рудный қаласының тұрғынының тоңазытқышында чипсыдың қаптамасынан героинге ұқсас зат табылған. Сараптама нәтижелері бойынша, бұл героин препараты екендігі анықталды. Оның салмағы аса ірі мөлшерге жатады. Күдікті ҚР ҚПҚ-нің 128-бабының (Ұстап алу негіздері) тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп мәлімдеді есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.

Аталған дерек бойынша полиция ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлімімен (Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Полицейлер мұндай партияның құны 1 млн теңгеден асатынын атап өтті. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 328 келі болатын түрлі есірткі заттарын тәркілеген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру