Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының аумағында екі есірткі плантациясы анықталды

Демалыс күндері Жетісу облысының аумағында екі есірткі плантациясы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері демалыс күндері арнайы іс-шаралар барысында Сарқан және Кербұлақ аудандарында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз егіп-өсірудің екі дерегін анықтады.

Екі дерек бойынша да ҚР ҚК-нің 300-бабында (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) көзделген қылмыстық іс қозғалды.

– Кербұлақ ауданында Арқарлы ауылының тұрғыны есірткіні заңсыз егіп-өсірумен айналысқан. Тәртіп сақшылары оның ауласында 24 марихуана бұтасын тауып, оларды жойды. Ал екінші дерек бойынша Сарқан ауданындағы Қарғалы ауылының тұрғынына қатысты тергеу амалдары басталды. Оның жеке үйінің аумағында 11 қарасора бұтасы табылған, – деп хабарлады Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы.

Жыл басынан бері Жетісу өңірінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді егіп-өсірудің 9 дерегі анықталды. Заңсыз айналымнан 122 келі түрлі есірткі заттары тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру