Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да бақшасында көкнар өсірген азамат құрықталды

ШҚО-да бақшасында көкнар өсірген азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция қызметкерлеріне облыс орталығына қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны бақшасында есірткілік көкнәр өсіретіні туралы ақпарат түскен.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары 49 жастағы күдікті азаматты анықтап, ұстады.

Оқиға орнын шұғыл тінту кезінде 76 түп есірткі өсімдігі, екі тостаған мен үш шприц, сондай-ақ өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді. Тәркіленген өсімдіктерге сараптама тағайындалды. Күдіктінің айтуы бойынша, ол өсімдіктерді өзі тұтынуы үшін өсірген.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру бойынша) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру