Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер жауапқа тартылды

Абай облысында мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында жыл басынан бері көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқару, сондай-ақ көлікті мас күйдегі адамның басқаруына беру бойынша 592 дерегінің жолы кесілді.

Ал осы құқық бұзушылықтардың салдарынан 10 жол-көлік оқиғасы болды. Аталған оқиғаларда адам өлімі тіркелмеген. Алайда бұл жүргізушілердің әрекетін жеңілдетпейді және қауіптің сейілгенін білдірмейді.

https://youtu.be/PNzky3sOKDs?si=bVt4ul9zxyvKWzzJ

Бір нәрсені анық түсіну қажет: жолда жүргізушінің масаң күйі – оның жеке мәселесі емес. Бұл – жолаушыларға, жаяу жүргіншілерге және өзге де жол қозғалысына қатысушыларға төнген қауіп.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру