Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында "Демалыс" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

Ұлытау облысында өткен "Демалыс" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 59 жасөспірім полиция бөлімдеріне жеткізіліп, бес бала балаларды қолдау орталықтарына орналастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі рейдтер кезінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз үйден тыс жүруінің 42 дерегі анықталды. Баланы тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамаудың 17 дерегі бойынша әкімшілік материалдар рәсімделді.

Полиция қызметкерлері 107 отбасын аралап, балалардың тұрмыс жағдайын зерделеді. Іс-шара қорытындысында төрт жасөспірім мен үш ата-ана профилактикалық есепке алынды.

Сондай-ақ жасөспірімдер көп жиналатын орындар тексерілді. Ата-аналармен балалардың қауіпсіздігі, олардың бос уақытын ұйымдастыру және түнгі уақытта қараусыз қалдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру