Павлодарда балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды
"Қауіпсіз үй", "Заң мен тәртіп" және "Қауіпсіз балалық шақ кепілдігі" жобалары аясында Павлодар облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ұйымдастыруымен қаладағы мектептер мен колледж директорларының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жиында қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мақсат Сарин сөз сөйледі.
Кездесу барысында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ полиция мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.
Құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және қауіпсіз білім беру ортасын құруға ерекше назар аударылды.
Кездесудің басты мақсаты – балаларды қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында полиция мен білім беру ұйымдарының күш-жігерін біріктіру.
