Абай облысында бір аптада 257 граффити жазуы өшірілді
Абай облысында қоғамдық тәртіпті сақтау және абаттандыру талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір апта ішінде полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы 257 граффити жазуын өшірді.
Ғимараттар мен қоғамдық орындардың қабырғаларына заңсыз жазулар жазу олардың сыртқы келбетін бұзып қана қоймай, тазалау және қалпына келтіру жұмыстарына қосымша шығын келтіреді.
Сонымен қатар өңірде жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың, оның ішінде есірткі қылмыстарының алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда.
Құқық қорғау органдарының басты мақсаты – қоғамдық орындардағы заңсыз жазуларды жоюмен қатар, мұндай құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және өңірдің тазалығын қамтамасыз ету әрбір тұрғынның жауапкершілігіне байланысты.
