Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер көлік ұрысын ұстады

Қарағандылық полицейлер көлік ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 тамыз күні Қарағанды қаласындағы Октябрь полиция бөлімінің кезекші бөліміне 39 жастағы ауданға қарасты ауылдың тұрғыны арызбен шағымданды. Сол күні кешкілік жәбірленуші аудан орталығына қонаққа келіп, көлігін аулада қалдырған. Таңертеңгілік уақытта көлік орынында болмай шыққан. Оған келтірілген шығын көлемі 650 мың теңгені құрады.

Жедел әрекеттер барысында тәртіп сақшылары осы іске қатысы бар деген күдікпен 18 жастағы аудан тұрғынын ұстады. Ұрланған көлік күдікті тұратын үйдің ауласында болған. Тергеу әрекеттері барысында ұсталған азамат осыған ұқсас тағыда екі қылмысқа қатысы барын мойындады. Айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру