Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер жол үстінде отқа оранған көлікті жалыннан аман алып қалды

Қарағандылық полицейлер жол үстінде отқа оранған көлікті жалыннан аман алып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 тамыз күні Қарағанды облысындағы белгілі ақпараттық агенттіктермен интернет желілерінде полиция қызметкерлерінің отқа оранған көлікті сөндіруге көмектесіп жатқан бейнежазбасы жарияланды.

– Таңертеңгілік уақытта қызметімізге кірісп, өзімізге бекітілген аумаққа жұмысқа бара жатқанбыз. Бағдаршамның қызыл түсіне тоқтағанымызда алдымызда тұрған Reno автокөлігінің капотының астынан түтін шыққанын байқадық. Бірден мен, қасымдағы әріптестерім Сәулет Жамкенов, Мирас Әлкенов және Нұрлан Ақжановпен көлігімізден түсіп, отқа оранған көлікті сөндіруге жүгірдік. Көлік иесі сасқалақтап қалғандықтан ішінде отырып қалды. Біз жүргізушінің өмірі үшін қорқып кеттік. Капотын ашқанымызда маторы жанып жатты. Артынша бізге көмекке екінші экипаж келіп, барлығымыз отты сөндіріп, жұмысымызға кеттік, – деді Қарағанды қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция қызметкері Жаңбырбай Құттыбаев.

Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерінің көмек қолын созғаны желі қолданушылар тарапынан оң пікірлерге толасты.

– Біз ешқандай ерлік жасаған жоқпыз. Азаматтарға қол ұшын созу біздің міндетіміз, – дейді патрульдік полиция қызметкері Сәулет Жамкенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру