Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда зейнеткерге шабуыл жасаған күдіктіні астаналық ағайындылар ұстады

Қарағандыда зейнеткерге шабуыл жасаған күдіктіні астаналық ағайындылар қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне Нүркен Әбдіров көшесінің бойында тонау қылмысы болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.

Сағат 13:00 шамасында көшеде адамдардың болғанына қарамастан, белгісіз біреу аялдамада тұрған 78 жастағы зейнеткерге тап беріп, мойынындағы алқаны жұлып алып, оқиға орынынан қашпақшы болған. Сол кезде оны оқиғаның куәгерлері 30 және 21 жастағы екі азамат ұстап алған. Ағайынды-інілі азаматтар Астана қаласының тұрғындары екендігі белгілі болды. Ұсталған 29 жастағы азамат жедел-тергеу тобының қызметкерлеріне беріліп, полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру