Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полиция ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырады

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының полиция департаменті жүргізушілерді автожолдарда, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдарда барынша мұқият болуға шақырады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері мүмкіндігінше алыс жолға шықпауға, әсіресе автокөлігі қысқы шиналармен жабдықталмаған жүргізушілерге сапарды кейінге қалдыруға кеңес береді. Егер жолға шығу қажет болса, көлік құралының техникалық жай-күйін алдын ала тексеріп, ауа райы болжамымен және жүретін бағыттағы жолдардың жағдайы туралы ақпаратпен танысу қажет.

Жолда жүргізушілер ауа райы мен жол жағдайына сәйкес жылдамдықты таңдап, қауіпсіз арақашықтықты сақтауы тиіс. Сондай-ақ күрт тежеуден, жолақтарды кенет ауыстырудан және негізсіз басып озу әрекеттерінен аулақ болған жөн.

Алыс сапарға шығар алдында автокөлікті мұқият дайындауға ерекше назар аудару қажет. Көлікте жылы киім, дәрі қобдишасы, авариялық тоқтау белгісі, сүйреу арқаны және күтпеген жағдайларда қажет болуы мүмкін басқа да құрал-жабдықтар болуы тиіс.

Полиция ауа райы нашарлаған кезде жол-көлік оқиғаларының туындау қаупі артатынын ескертеді. Сондықтан жүргізушілер жолдағы жағдайды дұрыс бағалап, қауіпті маневрлерге жол бермеуі және өздері мен жолаушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеуі қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру