Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Су сататын аппараттарды бұзып, ақшаны ұрлап кеткен ақмолалық тұрғын ұсталды

Су сататын аппараттарды бұзып, ақшаны ұрлап кеткен ақмолалық тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 тамыз күні Қосшы қаласының полиция бөліміне жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жергілікті тұрғындардың осындай ұрлық деректері туралы өтініштері келіп түсті.
Өтініш берушілердің екеуі де 11 тамызында өздеріне тиесілі көшедегі су тазартқыштардан ақша ұрланғанын хабарлады. Залал сомасы анықталып жатыр.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар адамды анықтады. Күдіктіні бейнебақылау камералары түсіріп алған.

Осы дерекке қасты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру